Дактиль
Амир Хасан
Отырған ем терең сайда жарық күтіп,
Отырған ем ақ шуаққа артып үміт.
Зер салғанда айналаның қарасына,
Оралған-ды аппақ түстер бұлтты түтіп...
Ақ дегенім — қара түннің кеткені,
Ақ дегенім — Күн сәулесі жеткені.
Ақ дегенім — қою мұңның кеткені,
Ақ дегенім — алтын нұрдың келгені.
Кең даланы күн арайы тербетті,
Көкжиекте нұр шырайлы бет көрсетті.
Қыр соңында аспанның, түннің сызы
Қысылып, орын таппай дереу кетті.
Не деген бұл уақыт деп
Аттандым мен сапарға.
Таба алам ба бақыт мен
Тапсам жауап сауалға?
Сапарымның соңында
Айтарымды айтайын.
Құлағыңызды салсаңыз,
Өлең ғып табыстайын.
Жолымның қарсаңында
Келді бұл дәл маңыма,
«Зұлымдықпын», – депті ол,
Жыртаң күле айтты ол:
«Не істесе де адам бұл,
Өз нәпсісіне өзі құл.
Қалмас лажы, амалы,
Ақыры оның орны бұл».
«Сөздің маңызы кетті, самалы қалды».
Мөңке би дүниеден кетті, ақылы қалды.
Неліктен жүрміз, міне, амал етпей?!
Сөздің мән-мағынасын асқақ етпей?!
Мезі болдым, шаршадым бос сөздерден.
Құлағым қанып, тыңдамаспын құр лебізді.
Маңыз бен көркемдіктен ада болған,
Құлағым қанып ақсөңкедей құр лебізден,
Ғайбат, өтірік, балағатқа толы болған,
Мезі болдым, шаршадым бұл сөздерден...
Абай айтқан лебізіне еремін деп,
Тәрбиелеуге өз-өзімді бел байладым.
Өзге айтқан лебізіне ермеймін деп,
Шалқу мен толқулардан көп зарладым...
Әдепке үйретуді бастадым өз-өзімді,
Бас көтермей оқып-тоқу көл-көсірі.
Қарамадым өзгелердің амалына,
Қарауға көңіл бөлдім өз лажыма.
Өтті күндер, апталар, айлар өтті.
Жер қайырар қуатым сөніп өтті.
Құйқылжыр ғой ниетім, лапылдана
От іспетті қабырғамды сөгіп кетті.
Отырғанмын Қаратаудың құз басында,
Өтті, міне, бірер жыл... күз басында.
Қайта келді күш-қайратым жұдырыққа,
Қысып ұстап, жібермеспін көк тиынға!
Құлпырады жан көктемі күз басында!
Амир Хасан — жазушы әрі ақын. 17 жаста. Астанада тұрады. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11 сынып оқушысы.